Оқиға барысында түсірілген видео жарияланды
Жамбыл облысында пойыз рельстің ортасында тұрған трактордың тіркемесін соғып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Машинистің кәсібилігі арқасында теміржол өткелінде соқтығысудың алды алынды.
Тараз – Шу учаскесінің күзетілмеген өткелінде (Жамбыл бөлімшесі) 7 маусым күні жолаушылар пойызының локомотив бригадасы трактордан ағытылған және жолда қалған тиелген тіркемелермен соқтығысудың алдын алды.
«Машинист шұғыл тежеуді дер кезінде қолданды. Пойыз тіркемелерден екі метр қашықтықта тоқтады. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен үйлесімді әрекетінің арқасында жолаушылар мен жылжымалы құрам үшін ықтимал зардаптың алды алынды.
Тіркемелер теміржолдан тез алынып тасталды, содан кейін пойыз жүрісін жалғастырды. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.
ҚТЖ теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Теміржол – қауіпті аймақ, сондықтан талаптарды орындамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», - делінген ҚТЖ хабарламасында.