Алматыда ағаштан салынып жатқан жер үй отқа оранды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Отқа оранған үй ағаштан енді салын жатқан

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласында жаңадан салынып жатқан жер үй алапат отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға Медеу ауданында болды. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды.

Өрт сөндіру оқпандары іске қосылып, суды үздіксіз беру ұйымдастырылды.

«Өрт сөндірушілер келген кезде от тарап кеткен. Өртті сөндіру үлкен жанғыш жүктемемен күрделенеді. Үй ағаштан салынған», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.