Сот үкімі жарияланып, басты күдікті болған Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды
Шерзат ісі бойынша Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шакеев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот үкімі жарияланғаннан кейін Мейірман Шакеев қорғауындағы Қаржаубай Нұрымовтың шаңырағына қонаққа барды.
«Қаржаубай маған келгенде жанары сөнген, көзінде тек мұң еді. Өмірге деген құлшынысы жоқ, үміті сөнген жан еді. Бар айтқаны «аға, Шерзаттың ісі сізге аманат», деп ауыр жүкті маған мойныма жүктей салып еді.
Әуелі Алла, сосын елдің қолдауымен аманатын орындап, үмітін ақтап шықтық деп ойлаймын. Қаржаубайдың күлгенін көру – соның белгісі шығар. Аллаға сансыз шүкір еттім», - деп жазды Мейірман Шакеев.
Айта кетейік, Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі жарияланып, басты күдікті болған Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды. Ал өзге күдіктілерге қатысты сот үкімі: