$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада суда жүзіп жүрген 11 жасар баланың аяқ бұлшық еті тартылып қалды (ВИДЕО)

Медициналық көмек қажет болған жоқ

Астанада суда жүзіп жүрген 11 жасар баланың аяқ бұлшық еті тартылып қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Астанадағы жағажайда 11 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше патрульдеу барысында жедел құтқару жасағының қызметкерлері қайғылы оқиғаның алдын алды.

Оқиға бүгін Сарыарқа ауданындағы коммуналдық жағажайда болған.

«Суға шомылу кезінде 11 жастағы баланың аяқ бұлшық еті кенеттен тартылып қалған. Ол жүзу кезінде үрейленіп кетіп, қиындық туғанын білдіре бастады», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар балаға дер кезінде көмекке барып, судан шығарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ – оның жағдайы жақсы.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда Каспий теңізіне батып бара жатқан бозбаланы куәгерлер құтқарып қалған болатын. Ол шомылуға арналмаған жерде суға түскен.  

 «Жағдайы қанағаттанарлық. ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деп атап өтті облыстық ТЖД.

Серіктес жаңалықтары