Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК болжамы жарияланды

Бүгін еліміздің екі ірі қаласында – Ақтөбе мен Алматыда атмосферада ластаушы заттар шамадан тыс шоғырланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің айтуынша, бұл жағдай қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) әсерінен болуы мүмкін. Яғни, белгілі бір ауа райы құбылыстары зиянды бөлшектердің жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмай қалуына себеп болады.
ҚМЖ дегеніміз не және ол неге қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – ауа сапасының уақытша нашарлауына әкелетін табиғи құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
- Тымық ауа райы,
- өте баяу жел,
- тұман,
- температуралық инверсия (жылы ауа қабатының суық қабатты басып қалуы).
Мұндай жағдайларда зиянды заттар атмосферада ұзақ сақталып, қалалық аймақтарда, әсіресе өндірістік немесе тығыз қоныстанған аудандарда ауа сапасының күрт төмендеуіне әкеледі. Бұл – тыныс алу жүйесінде сырқаты бар азаматтар, балалар мен қарт адамдар үшін ерекше қауіп төндіреді.