$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында не болып жатыр

Кезектің көбеюіне көрші ел азаматтарының еліне жаппай оралуы себеп болды

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында не болып жатыр
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан «Қапланбек» автомобиль өткізу бекетінде жеңіл автокөліктер жиналып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кептеліске не себеп болды

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше кезектің көбеюіне Құрбан айт мерекесіне байланысты көрші ел азаматтарының еліне жаппай оралуы себеп болды.

«Жағдайды реттеу мақсатында екі тараптың мүдделі мемлекеттік органдары өткізу пункттері арқылы жолаушылар көліктерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша келіссөз  жүргізді», - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Кеденшілер саны екі есеге артты

Көрші тарап шекарадан өтуді жеделдету бойынша қосымша шаралар қабылданғанын растап, көлік құралдарын тезірек өткізу мақсатында шекара және кеден қызметкерлерінің санын екі есеге арттырды.

Жай күндері «Қапланбек» өткізу пунктінің екі бағыттағы орташа тәуліктік өткізу қабілеті 27 мың адамды құраса, ал мереке күндері 38 мың адамға жетеді. Жай күндері 800 жеңіл автокөлік өтсе, мереке күндері олардың саны 1,1 мыңнан асады.

Серіктес жаңалықтары