$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да бір отбасының бес бірдей баласы газға уланып, көз жұмды: ең кенжесі – 1 жаста

Өрт болған кезде ата-аналары жұмыс орнында болған

БҚО-да бір отбасының бес бірдей баласы газға уланып, көз жұмды: ең кенжесі – 1 жаста
Фото: istockphoto.com

Қайғылы оқиға 4 маусым күні күндіз Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында болған. Болжам бойынша, бес бала улы газдан уланып көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, шамамен сағат 15:00-де Жымпиты ауылында тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт орнынан ес-түссіз күйде 1 жастан 6 жасқа дейінгі бес бала аудандық ауруханаға жеткізілген. Олардың барлығы – бір отбасының балалары. Естерін жимастан, ауруханада көз жұмған.

«Барлық бала жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді, алайда өмір белгілері болмаған. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ балалардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», — деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Отбасы бес баласымен жалдамалы пәтерде тұрған. Өрт болған кезде ата-аналары жұмыс орнында болған.

«Құтқарушылар оқиға орнына шақыру түскеннен кейін 5 минут ішінде жетті. Барған кезде үйдің ішінде жеке заттар мен жиһаз 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатты. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тауып, дереу ауруханаға жеткізді. Өкінішке қарай, балалардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр.

Шақырту орнына ТЖД басшылығы, өрт-техникалық зертханасы, тергеу бөлімі және департаменттің психологы барды.

Серіктес жаңалықтары