04.06.2025, 16:43
Жаңалықтар
Алматыда бес жылдан бері із-түзсіз жоғалған әйел іздестіріліп жатыр
Іздеудегі әйелдің ерекше белгілері жарияланды
Фото: Алматы қаласы ПД
Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасы 1980 жылы туған Э.Т. Ысқақованы іздестіріп жатыр. Ол 2020 жылы үйінен шығып кетіп, осы күнге дейін қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іздеудегі әйелдің ерекше белгілері:
- Жасы: шамамен 43-45 жаста;
- Бет-әлпеті: азиялық келбет;
- Бойы: 160-165 см;
- Дене бітімі: толық;
- Шашы: қою қара;
- Көзі: қара;
- Бет пішіні: сопақ;
- Ерекше белгісі: сол қолында меңі бар;
- Медициналық жағдайы: психиатриялық есепте тұрады.
Үстіндегі киімі:
- Сұр түсті күртеше;
- Қара спорттық шалбар;
- Қара туфли.
Ақпаратыңыз болса, дереу хабарласыңыз:
Наурызбай аудандық полиция басқармасы: 8 (727) 272-54-44; 8-777-077-02-77
Әрбір ақпарат маңызды
«Сіз берген кез келген мәлімет із-түзсіз кеткен адамды табуға үлкен көмек болуы мүмкін.
Анонимдікке толық кепілдік беріледі», - делінген қалалық Полиция департаменті хабарламасында.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған