KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді
KASE (Қазақстан қор биржасы) мәліметінше, 4 маусым күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа алынған бағамы 511,67 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,47 теңгеге арзан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің ресми деректеріне сәйкес, 4 маусымдағы ресми доллар бағамы 512,1 теңге деп белгіленді.
Kurs.kz сайтының ақпаратына сәйкес, Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 510,75 теңгеден сатып алып, 512,72 теңгеден сатып жатыр. Ал Астана қаласында долларды орташа есеппен 509,36 теңгеге сатып алып, 515,36 теңгеге сатып жатыр.