Құрбан айт күндері ХҚО-лар жұмыс істей ме
Құрбан айттың бірінші күні – 6 маусым, жұма

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі Құрбан айт мерекесін тойлау күндері ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс уақыты туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні (6 маусым, жұма) демалыс күні болып есептелетіндіктен, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді.
Сонымен қатар, 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚО және мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейтін болады.
ХҚО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚО-лар өтініштерді қабылдауды сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін жүргізеді, ал құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жалғасады.
«Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс уақыты бір сағатқа ерте басталып, ерте аяқталатынын атап өтеміз», – делінген хабарламада.
Актуалды кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың тізімін мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.