$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалаған: Алматыда қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Бұл қылмыстық әрекет бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген

Алматы қаласында жаңа туған сәбилерді сату ісімен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Оларды ҰҚКД мен қалалық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желі арқылы сатылым ұйымдастырған

Тергеу мәліметіне сәйкес, бұл қылмыстық әрекет бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген. Топтың негізгі нысанасы – әлеуметтік жағынан осал топтағы, соның ішінде шетел азаматтарынан босанған әйелдердің сәбилерін сату болған.

Қылмыс үстінде ұсталды

Жедел шаралар кезінде жаңа туған ұл баланы сату әрекеті дәлелденіп, ақша алу кезінде күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Сәби мемлекет қамқорлығына алынып, арнайы мекемеге орналастырылды.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, осындай қылмыстар елдің басқа өңірлерінде де болғаны тексеріліп жатыр.

Полиция: Бұл – ұйымдасқан тізбек болуы мүмкін

«Бұл – бір реттік әрекет емес. Өңіраралық байланысы бар тұрақты жүйе болуы мүмкін. Балаларға, әсіресе жаңа туған сәбилерге қатысты заңсыз әрекеттер – аса ауыр қылмыс. Мұндай деректер әділ заңдық бағасын алады», – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Серіктес жаңалықтары