Оған бірнеше рет ескерту жіберілген
Маңғыстау облысының прокуратурасы салық заңнамасының орындалуына талдау жүргізу барысында ірі заңбұзушылықты анықтады. Жеке тұлға мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлемеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Салық кодексінің 330-бабына сәйкес, Қазақстан аумағындағы мүлікті сату кезінде құн өсімінен түскен табыс салық салынатын кіріске жатады. Бұл – заң бойынша міндетті төлем.
Салық органдары жолдаған бірнеше ескерту-хатқа қарамастан, салық төлеуші тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеуден бас тартқан.
Осы дерекке байланысты облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 244-бабы (салық және басқа да міндетті төлемдерден жалтару) бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.