$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бірінші сыныпқа екі айда 216 мыңнан астам бала қабылданды

1-сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

Бірінші сыныпқа екі айда 216 мыңнан астам бала қабылданды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Оқу-ағарту министрілігі екі айда бірінші сыныпқа 216 мыңнан астам бала қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл 1 сәуірде республика бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау басталған болатын.

"Бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 216 121 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған", - делінген ресми хабарламада.

1-сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Балалар ата-анасының өтініші бойынша 6 жастан бастап қабылданады.

Еске сала кетейік, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау қызметі электронды үкімет порталында 1 сәуірден бастап қолжетімді болатынын мәлім етті.

Бірінші сыныпқа құжат тапсыруға асыққан ата-аналар eGov.kz порталын істен шығарды.

«Шынымен де бүгін электронды үкімет платформасында қысқа мерзімді ақау байқалды. Бұл мектепке құжат қабылдау қызметін қолданушылардың көптігімен байланысты болды. Платформа тез арада қайта қалпына келгенін атап өткім келеді», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкіметте өткен брифингте.

Серіктес жаңалықтары