Шымкент маңында пойыздар кешікті: біреу рельске көлік қойып кеткен

Автор: Дәулет Ботагөз

Түлкібас маңында пойыз қозғалысы уақытша тоқтады

Фото: Қазақстан темір жолы

1 маусым күні таңертең Шымкентке жақын маңда, Састөбе – Ынтымақ учаскесінде пойыз қозғалысы уақытша тоқтады. Себебі белгісіз біреулер көлікті теміржол үстіне қалдырып кеткен. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен

«Водитель оставил авто на железнодорожных путях и скрылся. Бұл пойыз қозғалысының кестесіне әсер етті. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Қазақстан темір жолы теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Қауіп төндіру — ауыр құқықбұзушылық

«Мұндай заңбұзушылықтар жолаушылар мен жүк пойыздарының қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Бұл әрекеттер қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін», – дейді ҚТЖ өкілдері.