$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Ұлттық ұлан авиация базасында балаларға арналған мереке өтті

Іс-шара 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған

Астанада Ұлттық ұлан авиация базасында балаларға арналған мереке өтті
Фото: ІІМ Ұлттық ұлан

Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның авиациялық базасында ерекше мерекелік іс-шара өтті. Оған Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы мен әскери қызметкерлердің отбасылары қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның ұраны – «Бала – еліміздің болашағы». Мерекеге келген балалар әуе және әскери техниканы көзбен көріп қана қоймай, оның ішіне кіріп, құрылымымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Балалар тікұшақ пен бронемашинаға отырып көрді

Шара барысында балалар:

  • Ан-74, Ан-26, Y8 ұшақтарының,
  • Ми-8 және Ми-171 тікұшақтарының кабинасында болды
  • Әскери парадқа қатысқан «Барыс» 6×6, «Алан-2», «Cobra II» бронемашиналарына отырды
  • Патрульдік және арнайы мақсаттағы техникалармен танысты.

Бұл – балалар үшін ерекше әрі әсерлі тәжірибе болды.

Самурай атты қызметтік ит — күннің жұлдызы

Шараның ең есте қаларлық сәті — «Самурай» есімді қызметтік иттің көрсетілімі болды. Оперативтік бригаданың кинологтары дайындаған ит арнайы командаларды орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Би, ән және ертегі кейіпкерлері де болды

Әскери техниканы зерттеуге қызықпаған балалар:

  •  Асфальтқа сурет салып,
  • Қызықты байқауларға қатысып,
  • Ән айтып, би биледі

Ұлттық ұланның ән-би ансамблі театралдық қойылым көрсетіп, сүйікті ертегі кейіпкерлерін жандандырды. Аниматорлар ұйымдастырған флешмобтарға балалар қуана қатысты.

Белсенді балаларға сыйлықтар берілді

Мерекеге белсене қатысқан балалар:

  •  Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Ансаған Балтабековтің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар алды.

«Ұлттық ұлан әрдайым әскери қызметшілердің отбасына көңіл бөледі. Бүгін балаларымыз керемет әсер алды. Біз, ата-аналар, осындай мереке ұйымдастырғандарыңыз үшін шексіз ризамыз», — деді ата-аналардың бірі Гаухар Бағашарова.

Серіктес жаңалықтары