Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады – Үкімет дерегі
Балалардың дені мектеп пен балабақшаға барады

Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Статистикалық деректерге сәйкес:
- 3,9 миллион бала жалпы білім беретін мектептерде оқиды
- 556 мың бала колледжде білім алуда
- 1 миллионнан астам бала – мектепке дейінгі ұйымдарға барады
Жетім балалардың 82%-ы отбасылық тәрбиеде
Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
2024 жылы:
- 3 мыңнан астам бала жаңа отбасыға орналастырылды
- 330 ересек азамат баланың тәлімгері атанды
- Қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есе ұлғайды
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа жүйе – кәсіби қабылдаушы отбасы институтыенгізіледі. Бұл жүйе балалардың әлеуметтік бейімделуін күшейтіп, отбасылық жағдайдағы тәрбиені кеңейтуге бағытталған.
Балаларды қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн қоғамның назарын балалар құқығын қорғауға, олардың дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге аударады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мерекеге орай Қазақстан халқына арнаған құттықтауында былай деді:
«Бала – ұлт болашағы. Олардың амандығы мен қауіпсіздігі – біздің басты парызымыз», – деді Президент.