Қарағандыда автосалондардың бірі жаңа көліктерімен бірге өртеніп кете жаздады

Автор: Мөлдір Қазыбай

ТЖМ өрт сөндірушілері өрттің таралу қаупінің алдын алды

Фото: ҚР ТЖМ

Қарағанды қаласында автосалондардың бірі жаңа көліктерімен бірге өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға Қарағанды қаласының Ермеков көшесінде болған. ТЖМ мәліметінше, автосалон боксында автокөліктің жанатын бөліктері мен жиһаздары өртенген.

«ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел келіп, қысқа мерзім ішінде өрттің таралуына жол бермей сөндірді. Зардап шеккендер  жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Автосалонның бас директорының орынбасары құтқарушыларға шын жүректен алғысын білдірді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.