Шымкентте зообақта жайылып жүрген түйеқұсты тепкен жасөспірім жазаланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқыс оқиға бірнеше күн бұрын болды

Фото: freepik.com

Шымкенттегі зообақта қоршаудан өтіп, түйеқұсты тепкен адам жасөспірім екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қатысты зообақ ресми пікір білдірді. Белгілі болғандай, тәртіп бұзушы – кәмелет жасқа толмаған жасөспірім.

«Ата-анасымен бірге түсініктеме алынып, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жануарлардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Мұндай оқиғалар жануарлар үшін ғана емес, қоғам үшін де қауіпті. Келушілерден зообақ ережелерін сақтауды сұраймыз», - делінген зообақ хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте зообақта жайылып жүрген түйеқұсты тепкен ер адамға іздеу салынғаны хабарланған болатын.