$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте зообақта түйеқұсты тепкен ер адамға іздеу салынды (ВИДЕО)

Ол қоршаудан асып түсіп, жануарға зиян келтірген

Шымкентте зообақта түйеқұсты тепкен ер адамға іздеу салынды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте зообақта жайылып жүрген түйеқұсты тепкен ер адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қауіпсіздік ережелері мен «қоршаудан өтуге болмайды» деген нақты ескертуге қарамастан, келушілердің бірі тәртіп бұзған:

  • қоршаудан асып өтті;
  • жануарларды әдейі үркітті;
  • түйеқұсты аяғымен тепті.

Оқиғаға байланысты зообақ басшылығы келушілерге үндеу жасады.

«Бұл – жабайылық. Жануарлар – ойыншық емес. Олар тірі, сезеді, қорқады, күйзеліске түседі, ауырсынады. Егер жануарларға жанашырлығың жоқ болса – оларға жолама. Мазалама. Зиян келтірме.

Оқиға басқа бір келушінің телефонына түсіп қалған. Бұл адамды таныған болсаңыз, бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінеміз.

Жануарларға құрмет – адамгершіліктің белгісі», - дейді Шымкент зообағы.

Серіктес жаңалықтары