Жамбыл облысында білім саласына бөлінген 25,5 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған
Тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды

Жамбыл облысында жүргізілген тексеру нәтижесінде облыс прокуратурасы техникалық және кәсіптік білім беру саласында 25,5 млн теңге көлемінде қаражат жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталған заңбұзушылық:
Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты «Түзету мекемесі жанындағы №15 колледж» басшылығы оқуға қатыспаған сотталғандарды ресми түрде білім алды деп көрсетіп, үш жыл бойы заңсыз қаржыландыру алып келген.
2025 жылғы 5 ақпанда облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу аяқталғанға дейін басқа мәліметтер жария етілмейді.