«Көзім көрмей, аузыма сөз түспей қалды»: эфирде жаңылған Мөлдір Мұқан өз әрекетін түсіндірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол қатты қобалжығанын айтып, ақталды 

Фото: видеодан скриншот

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі жазбасында халықты толғандырған әлеуметтік жобада жүргізуші болу – өміріндегі күтпеген әрі маңызды кезең болғанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әр түрлі тағдырлар тоғысқан осындай үлкен жобада жүргізуші боламын деген ой тіпті түсіме де кірмеген шығар», – дейді ол.

Жобадағы рөліне шақыру ұсынысы еліміздің шоу-бизнесіндегі өз орны бар, ұлттық және заманауи бағытты қатар ұстанатын продюсер Баян Мақсатқызы тарапынан болған. 

«Таңданыстан бұрын, жауапкершілік пен қорқыныш басым болды. Сахна сыртында сезімдерімнің күші сонша, көзім көрмей, сөздер де аузыма түспей қалған кездерім болды», – деп еске алады жүргізуші.

Мөлдір өз еңбегінің бағасын беретін – халық екенін ерекше атап өтті. Әлеуметтік желідегі пікірлер мен қолдаулар оның жұмысына баға болып отыр.

«Маған сенім артқан майталмандардың үмітін ақтай алдым ба, халыққа жеткізе алдым ба – оны өздеріңіз талқылап, бағалайсыздар», – дейді ол.

Мөлдір Мұқан ауқымды жобаны ұйымдастырған Баян Мақсатқызына алғысын білдіре отырып, оның қоғамға берері әлі де көп екенін, идеялары сарқылмасын деген тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, жобадағы қатысушыларға – өз тағдырына жауапкершілікпен қараған, өмірде өз орнын табуға ұмтылған нәзік жандыларға деген құрметін де атап өтті.

«Бәріміз бақытты болуға лайықтымыз», – деп сөзін қорытындылады.