Астық өңдеу кәсіпорындарының жағдайы алаңдатып отыр дейді ол
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев бүгінгі депутаттық сауалында агроөнеркәсіп саласындағы маңызды мәселелерді мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, елімізде 250 астық өңдеу кәсіпорны тіркелгенімен, тек 80-і ғана нақты жұмыс істеп тұр. Олардың өзі тек 35–45% қуатпен жұмыс істеп келеді.
Депутаттың айтуынша, Қазақстан 2009–2011 жылдары ұн экспорты бойынша әлемде бірінші орынды иеленіп, "Қазақстан феномені" ретінде танылған болатын. Алайда бүгінде ұн өндірісі құлдырап, 2011 жылғы көрсеткіштерден де төмен түсіп кеткен.
Керісінше, өңделмеген астықтың шикізат ретінде экспортқа шығарылуы артқан. Бұл, бір жағынан, түсінікті – өйткені бидайды сыртқа сату ішкі нарықпен салыстырғанда табысты, әрі экспортқа транспорттық субсидиялар қарастырылған.
Астық өңдеу саласындағы негізгі проблемалар ретінде депутат:
Кәсіпорындар жылдар бойы шығындарын өтей алмай, шенеуніктік кідірістерге тап болып отыр.
Депутат нақты сандарды атап, Қазақстанның дәстүрлі экспорт нарықтарында ұн сатудан айырылып бара жатқанын мәлімдеді:
Ел |
Ұн экспорты |
Бидай экспорты |
Өзбекстан |
453 000 т |
3 300 000 т |
Тәжікстан |
54 000 т |
1 100 000 т |
Қырғызстан |
53 000 т |
60 000 т |
Ауғанстан |
1 100 000 т |
251 000 т |
Ресей |
19 000 т |
- |
Мұрат Ергешбаев көрші елдердің ұн импортына кедергілер енгізіп, өз өндірісін қолдауын мысалға келтірді:
Мұндай қадамдар көршілердің ұн импорты емес, өз өндірісін дамытуға бағытталғанын көрсетеді. Нәтижесінде Қазақстан алдағы уақытта Ауған нарығынан да айырылып қалуы мүмкін.
Мұрат Ергешбаев Үкіметке келесі ұсыныстарын жолдады:
«Отандық өндірушілердің астықты елімізде өңдеп барып сату мәселесін барлық құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жан-жақты қарастыруды сұраймын», – деп үндеу жасады.