«Әзілде кек, өсекте шек жоқ»: Елемесов Антикор мен ҚМА туралы сұраққа жауап берді (ВИДЕО)
Бірақ шенеунік ұлы жазушының сөзін өзінше тәспірлеп берді

Бүгін Мәжіліс кулуарында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәлірек айтсақ, ол «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қаржы мониторинг агенттігі бірігеді» деп тараған ақпарат туралы сұраққа жауап берді.
Елемесов бұл сөздерді «өсек» деп батыл айтты. Тіпті, журналистер алдында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлағатты сөзін айтқысы келді. Цитатаны толық айтпаса да, мағынасын жеткізді.
«Өсек деп ойлаймын, қазақта «әзіл мен өсекте шек жоқ» деген мақал бар. Өсектердің бәріне жауап беру керек жоқ деп ойлаймын», - деді ол.
Ал бұл цитата Мұхтар Әуезовтің «әзілде кек, өсекте шек жоқ» деген ұлағатты сөзі еді.