$ 510.81  578.59  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Назарбаев зияткерлік мектебіндегі шу: министрлік оқушыға қатысты мәлімдеме жасады

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Алматыға шұғыл түрде арнайы барған

Назарбаев зияткерлік мектебіндегі шу: министрлік оқушыға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Алматыдағы Назарбаев мектебінде ұстаз бен оқушының арасындағы келеңсіз оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрлігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Алматыға шұғыл түрде арнайы барған.

«Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен күні кеше Алматы қаласына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы шұғыл түрде іссапармен барды. Ол «НЗМ» ДББҰ басқарма төрағасымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаментінің өкілдерімен, өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, мектеп ұжымымен, оқушының ата-анасымен және өзімен кездесті.

Ашық әрі сындарлы диалог барысында орын алған жағдай жан-жақты зерделеніп, баланың әрі қарай білім алу жолдары қарастырылды. Бұл ретте шешім заңнама талаптарына сай, баланың құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде толыққанды білім алу құқығын ескере отырып қабылданды», - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство хабарламасында ұстазға құрмет көрсету мәселесін көтерді.

«ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогқа құрмет көрсету мен оның кәсіби пікірімен санасуды білім беру ортасының негізін құрайтын маңызды қағидаттар ретінде атап өтеді. Тағы да бір мәрте ескертеміз: Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңының нормаларын қатаң сақтау қажет. Мұғалімге құрмет көрсету мен қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді», - деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік, осыған дейін Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы емтиханға телефонмен кіріп, мұғалімді боқтағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары