$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетау тұрғыны 5 млн теңгесін телефон алаяқтарына аударып жіберген

Алаяқтар өзін «электр компаниясының қызметкері» деп таныстырған

Көкшетау тұрғыны 5 млн теңгесін телефон алаяқтарына аударып жіберген
Фото: istockphoto.com

Көкшетау қаласының тұрғыны телефон алаяқтығының құрбаны болды. Оған белгісіз біреу электр энергиясымен жабдықтаушы компания қызметкері болып қоңырау шалып, есептегіш құралын тексеру үшін SMS кодын айтуын сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қауіпсіздік үшін несие алып, ақша аударыңыз» деген кеңес

Көп ұзамай жәбірленушіге өзін мемлекеттік орган өкілдері ретінде таныстырған адамдар қайта қоңырау шалып, оның атына заңсыз несие рәсімделіп жатқанын айтып, үрей тудырған.

«Қылмыстың алдын алу үшін несие рәсімдеп, ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аудару қажет», — деп сендірген олар.

Екі күнде 15 аударым жасап, 5 миллион теңгеден айырылды

Азамат екі күн ішінде бірнеше банктен несие рәсімдеп, барлығы 15 банктік аударым жасаған. Жалпы залал – 5 миллион теңгеден астам.

Қылмыстық іс қозғалды

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары