Алматыда жер үй синтетикалық есірткі шығаратын орынға айналған
Алғабас ықшамауданында орналасқан жеке үй зертханаға айналған

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жасырын есірткі зертханасын анықтады. Күдіктілер Алғабас ықшамауданындағы жеке үйді синтетикалық есірткі өндірісіне бейімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
5 келіден астам есірткі тәркіленді
Үйге тінту жүргізу барысында аса ірі көлемде – 5 келіден астам a-PVP есірткі заты тәркіленді. Бұл – синтетикалық психостимуляторлардың қауіпті түріне жатады.
Қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық схемаға қатысы бар адамдар анықталып, қолға түсті:
- Есірткі дайындаушылар;
- Интернет-курьер;
- Есірткі сататын интернет-дүкеннің иесі (ұйымдастырушы).
Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткімен күрес – басты міндеттердің бірі
ІІМ мәліметінше, синтетикалық есірткі өндірісі мен таратылуы қоғам үшін аса қауіпті қылмыс түрі саналады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда азаматтардан полицияға шұғыл хабарласу сұралады.