$ 512.66  580.59  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

Жол апаты 25 мамыр күні сағат 16:50 шамасында болды

БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам қаза тапты (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Батыс Қазақстан облысында адам шошырлық ірі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты 25 мамыр күні сағат 16:50 шамасында Самара – Шымкент автожолының 507-шақырымында, Алмаз ауылына жақын маңда болған.

«Toyota Camry 60 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Camry 40 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Camry 60 көлігінің бір жолаушысы және Toyota Camry 40 көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі көліктің жүргізушілері мен Toyota Camry 40 көлігіндегі тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Серіктес жаңалықтары