Ол алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған
Павлодар облысында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында халықаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматы ұсталды. Полицейлер күдіктіні өнеркәсіптік нысандардың бірінен анықтап, қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұсталған азамат аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген. Қазір ол уақытша қамау изоляторында отыр. Оны іздеуге бастамашы болған елге экстрадициялау рәсімдері басталды», — деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.
Жедел іс-шараның алғашқы үш күнінде құқық қорғаушылар миграциялық тәртіп бұзған 262 адамды анықтады. Оның ішінде:
Павлодар облыстық ПД мәліметінше, «Мигрант» іс-шарасы шетел азаматтарының елде заңсыз жүруін анықтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай тексерістер алдағы уақытта да жалғасады.