25.05.2025, 17:50
Жаңалықтар
Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатында төрт алтын алды
Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстан құрамасы Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен каратэден Азия чемпионатында төрт алтын, бір күміс және бес қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алтын медаль иегерлері:
- Дайяна Даренская (68 келіге дейін) – финалда жапониялық Цубаса Камадан басым түсті. Бұл – оның ересектер арасындағы тұңғыш жеңісі.
- Нұрқанат Әжікенов (75 келіге дейін) – әлем чемпионатының қола жүлдегері ирандық қарсыласын жеңді.
- Софья Берульцева (68 келіден жоғары) – Токио Олимпиадасының жүлдегері жапониялық Сумирэ Сугитуды тізе бүктірді.
- Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін) – өзбек спортшысын жеңіп, алтын иеленді.
Басқа жүлдегерлер:
Күміс:
- Қазақстан әйелдер құрамасы (кумитэ)
Қола:
- Мөлдір Жаңбырбай (50 кг дейін)
- Әсел Қанай (61 кг дейін)
- Данияр Юлдашев (84 кг дейін)
- Диас Үлбек (84 кг жоғары)
- Қазақстан ерлер құрамасы (кумитэ)
Азия чемпионатының медальдық есебі:
- Қазақстан – 4 алтын, 1 күміс, 5 қола
- Жапония – 3 алтын, 5 күміс, 4 қола
- Вьетнам – 3 алтын
«Қазақстан үшін бұл – Азия чемпионаттары тарихындағы екінші рет жалпыкомандалық есепте жеңіске жетуі. 2023 жылы Малайзияда ұлттық құрама үш алтынмен бірінші орын алған болатын»,– делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2025 жылғы Азия чемпионатына 29 елден 421 спортшы қатысты.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.11.2025, 11:30
«Ең кішісі – бір жаста»: Жетісайдағы өртте бір үйдің бес баласы қаза болды (ВИДЕО)
18.11.2025, 20:58
«Ештеңе керек емес деді»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісовамен не туралы сөйлескенін айтты (ВИДЕО)
18.11.2025, 09:09
Шұғыл: Жетісайда жер үй өртеніп, он екі адам, соның ішінде тоғыз бала тірідей жанып кетті
18.11.2025, 18:00
«Кеудемді қуаныш кернеді»: алматылық фельдшер 2 жасар сәбиді ажал аузынан алып қалған
18.11.2025, 14:43
24 қарашадан бастап қазақстандықтарға кредит беру шектеледі