Ол иордан халқына бейбіт өмір тіледі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі Абдалла ІІ бен Әл-Хусейндіелінің Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Иордания арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын атап өтті.
«Сіздің екіжақты қатынастардың жан-жақты дамуына қосқан жеке үлесіңіз жоғары бағаланады», – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Короліне елді дамыту жолындағы мемлекеттік қызметінде табыс, ал бауырлас иордан халқына бейбіт өмір, тұрақтылық пен өркендеу тіледі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық туралы шартқа 20 жыл толуына орай құттықтаған болатын.