$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш отыздан асты: Астананың ең үлкен экранында әншінің суреттері шықты

Құттықтау бейнеролигі 24 мамырда қойылды

Димаш отыздан асты: Астананың ең үлкен экранында әншінің суреттері шықты
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның әлемге танымал әншісі Димаш Құдайберген 2025 жылғы 24 мамырда 31 жасқа толды. Осыған орай елорда тұрғындары мен қонақтары ерекше құттықтау сәтінің куәсі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Астананың төрінде — Димашқа арналған LED құттықтау

Jibek Joly телеарнасының бастамасымен Астанадағы «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы ғимаратының алдыңғы бетінде орналасқан ірі медиаэкранда Димашқа арналған бейнеролик көрсетілді.

Құттықтау бейнеролигі 24 мамырда кешкі уақытта көрсетілді. Экрандағы роликте әншінің шығармашылығына құрмет көрсетіліп, туған күнімен құттықтау жазбалары жарияланды. Бұл акция әлеуметтік желіде кеңінен таралып, ел тұрғындарының қолдауына ие болды

Димаш Құдайберген – Қазақстанның мәдени бренді

Димаш Құдайберген – Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің музыка сүйер қауымына танымал орындаушы. Ол:

  •  1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген
  • Әлемге I Am a Singer қытайлық музыкалық жобасы арқылы танылды
  • Бірнеше октавадан тұратын ерекше вокал диапазоны бар
  • Нью-Йорк, Мәскеу, Париж, Бейжің сияқты қалаларда жеке концерттер беріп, миллиондаған тыңдарман жинады
  • Қазақстан атынан халықаралық сахналарда музыкалық елші рөлін атқарып жүр

Жанкүйерлер үшін ерекше күн

Әншінің туған күніне орай ұйымдастырылған бұл шара – оның Қазақстандағы танымалдылығы мен халқына деген жақындығын тағы бір мәрте айқындады. Еске сала кетсек, жақында әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйері Алматы қаласына арнайы келіп, дәмханада асылған етке тапсырыс бергенін хабарлаған едік. Сонымен қатар оның бейтаныс қызбен құшақтасып тұрған сәттің видеосы тарады. Ол жуырда ақын Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін жаңаша стильде орындаған. Бұл ән Димаштың шетелдік тыңдарманы арасында аса танымал болды. Сонымен қатар бұл әнге клип түсіріліп, желіде жарияланды.

Айта кету керек, Димаш Құдайберген 3 маусым күні бельгиялық Лара Фабианның Voices туры аясындағы концертінде арнайы қонақ болады.

Серіктес жаңалықтары