Жарыс Шри-Ланкада өтті
Шри-Ланкада 10–24 мамыр аралығында өткен U22 жас санатындағы Азия чемпионатындаҚазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жас спортшылардан құралған ұлттық құрама жарыста барлығы 48 медаль жеңіп алды. Оның ішінде:
Чемпионатқа Қазақстаннан 50 спортшы қатысып, әрқайсысы өз саласында жоғары нәтиже көрсетті.
Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болған елдердің алғашқы үштігі:
«Жарысқа Азияның 23 елінен спортшылар қатысты. Турнир екі аптаға созылды», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
U22 Азия чемпионаты – жас спортшылар үшін ең ірі халықаралық алаңдардың бірі. Бұл дода жас таланттардың халықаралық деңгейдегі шеберлігін көрсетуге, әрі ұлттық құраманың болашағын бағалауға мүмкіндік береді.