24.05.2025, 10:41
Жаңалықтар
«Қазақтарға ұқсайды»: филиппиндік келін ата-анасын қарсы алды (ВИДЕО)
Эмоциялық сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр
Фото: видеодан скриншот
Қазақстанда қазақ жігітке тұрмысқа шыққан филиппиндік келіннің әке-шешесін қарсы алған сәті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қолданушыларды толқытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ата-анасын гүлмен қарсы алды
Желіде тараған видеодан филиппиндік келіннің әуежайда ата-анасы мен бауырын асыға күтіп тұрғанын көруге болады. Жанында – жұбайы мен ата-енесі. Ұшақтан түскен бетте ол анасына гүл ұсынып, құшақтап қарсы алады. Одан кейін әкесімен және таңғалып тұрған інісімен қауышады.
Бұл сәт желі қолданушыларының көңілінен шықты:
- «Әпкесін қатты сағынған бауыры сәл ұялып тұрған сияқты»
- «Филиппин мен Тайланд адамдары қазақтарға ұқсайды»
- «Келген құдаларыңызды жылы қарсы алғандарыңыз қандай керемет!» – деген пікірлер жазылды.
Көпұлтты отбасы
Белгілі болғандай, филиппиндік қыздың ата-анасы мен інісі Қазақстанға арнайы келіп, құдаларымен танысып жатыр. Бұл – Қазақстандағы интернационал отбасылардың күнделікті өмірінен алынған ерекше сәт.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр