Келесі сот 28 және 29 мамырда өтеді
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында судья Ерлан Жанұзақов келесі отырыста жарыссөз басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Келесі сот отырысы 28, 29 мамырда өтеді. Сотқа қатысушылар жарыссөзге дайындалып келулеріңізді сұраймын», - деді судья.
Сот отырысы кезінде жәбірленуші тараптың адвокаттары тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаровты шақырды. Кейін дәл сот отырысы кезінде жер сілкініп, отырыс үзіліске шықты.
Естеріңізге сала кетейік, 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі әлі жалғасып жатыр.