«Наргизаны ренжітпе»: әнші Раймның бұрынғы сүйіктісіне сөз салған жігітке жұрт ақыл айтты
Оған сөз салған жігіттің кәсіпкер екені белгілі болды

Әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанқызына сөз салған жігітке жұрт ақыл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің бұрынғы сүйіктісіне сөз салған «ақбозаттының» аты-жөні – Жәнібек Ерболатұлы. Желіде жариялаған фотосында Наргизаның суретін салып, бетін смайликпен жауып қойғанын байқауға болады.
Желі қолданушылары Жәнібек Ерболатұлына ақыл айтып, түрлі пікір қалдырды.
«Мына қызды тастап кетсең бүкіл Қазақстанға ұятты боласың», «Бетін не үшін жаптың, бүкіл Қазақстан біледі», «Бақытты болыңыздар, Наргизаны ренжітпеңіз, ренжітсе хейттің астына аламыз ғой, иә, қыздар?», «Мә, осы сіздерді бірге дегенді естігелі қатты қуанып жүрмін ғой, негізі маған дым қатысы жоқ», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, әнші Райм қазіргі жұбайы Ерке Есмаханға үйленерге дейін Наргиза Рамазанқызымен бірнеше жыл көңіл жарастырып жүргені ел аузында айтылады.
Ал Наргиза Рамазанқызының қазіргі сүйіктісі Жәнібек Ерболатұлы өткен өмірі жайлы сыр шерткен болатын.