$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам экстремист сотталды

ҰҚК жыл басынан бергі қызметінің қорытындысын ұсынды

Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам экстремист сотталды
Фото: istockphoto.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Кездесу барысында комитеттің биылғы жұмыс нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері баяндалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес

  • Лаңкестік пен діни экстремизм бойынша 43 адам сотталды, 34 адам тергелуде
  • 212 шетелдікке Қазақстанға кіруге тыйым салынды
  • Радикалды ұйым мүшесі 1498 шетелдікке шектеу қойылды
  • Іздеуде жүрген 12 шетелдік террорист ұсталды

Терроризм қаупін азайту бойынша кешенді шаралар қабылдануда

Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысы өтті. Лаңкестік әрекеттер мен оларды қаржыландыру әрекеттеріне тосқауыл қоюға бағытталған қосымша шаралар әзірленді.

Қылмыстық топтар мен қару айналымына соққы берілді

  • 13 ұйымдасқан қылмыстық топ қызметі тоқтатылды
  • 142 мүшесі ұсталды, 40 адам тұтқындалды
  • 282 атыс қаруы, 48 граната, 4586 оқ-дәрі тәркіленді

Есірткіге қарсы іс-қимыл

  • 12 зертхана, 13 халықаралық, 12 өңірлік арна жойылды
  • Заңсыз айналымнан 3,2 тонна есірткі, 7,5 тонна прекурсорлар алынды

Жемқорлықпен күрес және экономикалық қауіпсіздік

  • 15 лауазымды тұлға құрықталды
  • 1,6 трлн теңге залалдың жолы кесіліп, 220 млрд теңге қазынаға қайтарылды

Шекара қауіпсіздігі күшейтілді

  • Мемлекеттік шекараны бұзған 16 мың адам ұсталды
  • 3025 шетелдік елден шығарылды
  • Заңсыз тауар тасымалына қатысты 600+ факт анықталды
  • Шекара арқылы 11 млрд теңге мен 16,6 млрд теңгелік тауарды заңсыз өткізуге тосқауыл қойылды

Кибершабуылдарға қарсы күрес

  • Мемлекеттік органдарға бағытталған 796 миллион кибершабуыл әшкереленді

Президент тапсырмалар берді

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік бағыттары бойынша нақты тапсырмалар беріп, ведомствоның жұмысын жалғастырудың маңызын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары