Шерзатты қандай жағдайда аман алып қалуға болар еді – Тахир Халимназаров жауап берді
Ол 1 литр қан кеткенге дейін көмек көрсетілсе, жағдай басқаша болар еді дейді

Тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров Шерзат Полаттың мәйітіне сараптама қорытындысына қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәбірленушілердің адвокаттары сарапшыдан «Шерзатты қандай жағдайда аман алып қалуға болар еді?» деген сұрақ қойды.
Халимназаров әр адамның ағзасының шыдамдылығы әртүрлі болатынын айтты.
«Кеуде қуысында 1,5 литр бос қан табылған. Бұл өте көп. Қан тез жоғалтқан кезде 500-600 мл-ден кейін адамның жағдайы ауырлай түседі. Бұл жерде 1,5 литр кетіп тұр. Егер де 1 литрге дейін қан кеткенше көмек көрсетілсе, өмірін аман алып қалуға болар еді. Оны итәжірибеге сүйеніп айтып отырмыз», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр.
Айта кетейік, былтыр 9 сәуір күні Бишімбаев ісі бойынша куәгер болған сот сарапшысы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың жарақаттарын кәсіби тұрғыда талдап, оның өлімі неден болғанын айтып берген еді.