23.05.2025, 14:58
Жаңалықтар
Рудныйда 5 айда 100-ден астам жол апаты болып, ондаған адам жарақат алды
Облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Қостанай облысының Рудный қаласында 5 айда 100-ден астам жол апаты болып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
5 айда 118 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Рудный қаласында 2025 жылдың алғашқы бес айында 118 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе аз (2024 жылы – 246 жағдай).
Жол апаттарынан 1 адам қаза тауып, 67 адам түрлі жарақат алған. Өткен жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары болды: 7 адам қаза тауып, 284 адам жарақат алған.
Апаттардың басты себептері:
Жол-көлік оқиғаларына әкелген негізгі факторлар:
- Жаяу жүргіншілерге жол бермеу және ережені бұзу – 74 жағдай;
- Жол белгілері мен таңбалауды елемеу – 28 жағдай;
- Маневр жасау ережесін бұзу – 16 жағдай;
- Жылдамдықты асыру – 14 жағдай.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды