Оқиғаның видеосы желіде жарияланды
Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйері Алматы қаласына арнайы келіп, дәмханада асылған етке тапсырыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоны журналист, Түркітілдес журналистер қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Таңертең кафеге таңғы ас ішуге келгенбіз. Мына кісі Димаштың жанкүйері екен. Dears. Осы кафеге таң атпай «бешбармақ» жейміз деп келіпті. Екі әже», - дейді журналист Нәзия Жоямергенқызы.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің әніне арнап түсірген бейнебаянын жариялағаны хабарланған болатын.