Сәтбаев қаласында қыз балаға шабуыл жасаған ер адам кінәсін мойындады – полиция
Облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам жасаған ісін мойындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, күдіктінің зардап шегушімен бетпе-бет кездесулері өткізілді.
«Қазіргі уақытта қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам мойындау көрсетілімдерін беруде», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Сәтбаев қаласында белгісіз ер адам әйелге тап бергені хабарланған. Ал қорқынышты оқиғаның видеосы желіге тарап кетті.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа оқталу) және 120-бабының 1-тармағы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайларын анықтауға, дәлелдерді жинау мен тіркеуге, тұрғындардан сұрастыруға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу жүріп жатыр.