23 мамырда Қазақстанның кей өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Автор: Алмас Ерсін

Синоптиктер жұма күні еліміздің қалаларында ауа райы  қандай болатынын болжады

Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 23 мамырға жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-18, кей уақытта 23 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +17...+19°C.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, 3-8 жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +25...+27°C.

Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, 8-13 жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +25...+27°C.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C.

Ақтөбеде күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +19...+21°C.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +27...+29°C.

Жезқазғанда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +21...+23°C.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +15...+17°C.

Қонаевта күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +28...+30°C.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +19...+21°C.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.

Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +27...+29°C.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +15...+17°C.

Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

Талдықорғанда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +30...+32°C.

Таразда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +25...+27°C.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C.

Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C.