8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қазақстанда 6 маусым күні заңсыз митингілер кезінде 53 адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Карантин режимін қатаң сақтау талабына қарамастан 6 маусымда Қазақстанның кейбір қалаларында адамдар заңсыз митингілер өткізбекші болды. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері олардың әрекеттері заңсыз екенін түсіндірді. Алайда кейбір азаматтар заң талаптарын орындаған жоқ», - делінген хабарламада.
Карантиндік шектеулер мен заң талаптарын орындаудан бас тартқаннан кейін заңды бұзғандар профилактикалық жұмыс жүргізу үшін полицияға жеткізілген.
«Заңсыз митингілер кезінде 53 адам ұсталды. 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуіне айыппұл салынды, біреуіне ескерту жасалды. 2 адамға қатысты мемлекеттік қызметкерді қорлағаны және күш қолданғаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 6 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер өткен болатын.