«Шерзатқа пышақ сұқпадым» деген Шынасылдың сөзін марқұм Ғайыпбаев жоққа шығарған
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі жалғасып жатыр

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты бүгін жалғасып жатқан сот отырысында басты күдікті Абзал Шынасыл жауап беріп жатыр. Абзал Шынасыл өз сөзінде Шерзат Полатқа пышақ сұқпағанын, тек оның құлап қалған сәтін көргенін мәлімдеген. Алайда бұл мәлімдеме марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген жауабымен сәйкес келмейді,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың айтуынша, сол оқиға кезінде Абзалдың қолында пышақ болған және ол өзінің де өміріне қауіп төндірген.
«Абзалдың қолында пышақ болды. Ол маған бір-екі рет сермеді. Киімім жыртылды. Сол сәтте артымнан Шерзат келіп, «Нұрқанат аға, қашайық» деді. Мен оған «қаша бер» дедім. Сол кезде Абзал Шерзатқа қарай ұмтылды. Пышақты бірінші болып Шерзатқа сұқты. Шерзат «Нұрқанат аға, маған бірдеңе тығып алды» деп жан даусымен айқайлады. Мен оларға «жас бала ғой, 16 жастағы баланы ұруға келдіңдер ме?» дедім», – деді марқұм Ғайыпбаев тергеу кезінде.
Нұрқанаттың айтуынша, Шерзатқа сұғылған пышақ терең кірген, оның аузынан қан ағып, жағдайы ауыр болған.
«Мен бір қарағанда Нұрқиястың қолында мылтық, Абзалдың қолында пышақ болды. Екеуі маған қарай ұмтылды. Артынан 7-8 бала бізге қарай келе жатты. Мен Шерзатты құшақтап алып бара жатқанда, оның маңдайынан ұрып, артымнан пышақ сұғылды. Қалғаны видеоларда анық көрініп тұр», – деген Нұрқанат Ғайыпбаев.
Сотта бұл жауапқа қатысты Абзал Шынасыл тергеу барысында келіспейтінін айтқан. Ол өзінің әрекетін өзгеше сипаттап, кінәні жартылай ғана мойындап отыр.
Абзал Шынасыл сотта Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне пышақты барлығы салғанын айтты деп отыр. Шынсалдың айтуынша, Шерзат пышақталып, құлаған сәтте қасында тек Нұрқанат болған.
Сотты біздің ютуб-арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.