Жетісу облысында 500 мың теңге пара алған шенеунік 15 млн теңге айыппұл төлейді

Автор: Асыл Арман

Оған қатысты сот шешімі шықты

Фото: Telegram/Antikor/Видеодан скрин

Жетісу облысында Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пара алу және беру фактілері анықталды

Талдықорған қалалық сотының шешімімен:

  • Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А. Сағымбеков – пара алғаны үшін;
  • «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы А. Күзембаев – 2025 жылға арналған электр энергиясы тарифін көрінеу қымбат етіп бекіткені және 500 мың теңге пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Айыппұл мен мемлекеттік қызметке тыйым

Сот шешімімен:

  • Сағымбековке – 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды;
  • Күзембаев – 10 млн теңге айыппұлмен жазаланды;
  • Екеуіне де мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ

Аталған сот актісі қазіргі таңда заңды күшіне енген жоқ. Осыған байланысты:

Қазақстан Конституциясының 77-бабы және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы негізінде, адам кінәлі деп танылуы үшін соттың заңды күшіне енген үкімі қажет.