20.05.2025, 10:58
Жаңалықтар
Абай облысында 100-ден астам мектеп ұстазының құқығы бұзылған
Прокуратура қандай құқықтар бұзылғанын түсіндіріп берді
Фото: istockphoto.com
Абай ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында 11 мектептен заңбұзушылықтар анықталды. 125 қызметкердің еңбек құқығы бұзылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұғалімдер қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеген
Тексеру нәтижесінде мектептерде педагогикалық және техникалық қызметкерлерге қажетті жеке қорғаныс құралдары берілмегені анықталды. Атап айтқанда:
- Химия пәні мұғалімдеріне – ақ халаттар;
- Информатика пәні мұғалімдеріне – көзді қорғауға арналған арнайы көзілдіріктер;
- Зертханашыларға — қолғаптар мен қорғаныс алжапқыштар.
Конституциялық құқықтар шектелген
Бұл жағдайлар қызметкерлердің қауіпсіз және гигиеналық еңбек ету құқығын бұзып, заңмен белгіленген еңбек жағдайларына қайшы келіп отыр.
Жауаптылар жазаланды
Прокуратураның араласуынан кейін мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда мектептер қажетті қорғаныс құралдарын сатып алу процедураларын бастап кетті.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады