Көлікте 10 шетел азаматы болған
Қостанай облысында 20 мамыр күні таңертең қайғылы жол апаты тіркелді. «Қайрақ» шекара бекетінен екі шақырым жерде Ford Transit көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеңіл көліктің ішінде болған 10 адамның алтауы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бес адам әртүрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы шетел азаматтары екені хабарланды.
«Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді», - делінген Қостанай облысының Полиция департаменті хабарламасында.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Қажетті сараптамалар мен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Апаттың нақты себебі алдағы тергеу нәтижесінде анықталады.
Полиция қызметкерлері жол апатының алдын алу үшін жүргізушілерге мынадай ережелерді есте сақтауды ескертеді: