20.05.2025, 09:30
Жаңалықтар
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды – ресми ескерту
«Қазгидромет» РМК үш қаланың тұрғындарына ескерту берді
Фото: istockphoto.com
2025 жылғы 20 мамырда Шымкент, Алматы және Астана қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануы күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар деген не?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфералық жағдайлардың ластаушы заттардың ауада таралуына кедергі келтіретін құбылыстар жиынтығы. Оларға мыналар жатады:
- Тымық ауа райы;
- Әлсіз жел;
- Тұман;
- Температуралық инверсия.
Бұл құбылыстар ластаушы бөлшектердің ауада іркіліп қалуына, демек, ауаның сапасының күрт төмендеуіне алып келеді.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді