Мұхамеджан Тазабек қызын ұзатты
Белгілі әнші Димаш Құдайберген айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің қызына үйленгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде айтыскер ақынның қызы ұзатылып жатқаны туралы видео тарады. Желі қолданушылары күйеу жігітті әнші Димаш Құдайбергенге ұқсатты.
«Димаш емес пе?», «Димаш екен деп қалдым», «Димаш Құдайберген Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласы болды», - деп жазды желі қолданушылары.
Алайда ұзату тойынан видео салған контент-крейтор Әсия Жұман бұл сыбысты жоққа шығарды.
«Димаш Құдайберген Мұхамеджан Тазабектің күйеу баласы болды деп Instagram шулап жатыр екен. Бұл тойда болған адам ретінде сіздерге шындықты айтып берейін. Той танымал адамдардың көп болуымен емес, ойлаған жоспары, идеясы өте ерекше болды. Күйеу жігіт Димаш Құдайберген емес, Омар есімді жігіт», - деді Әсия Жұман.
Видеода Бекболат Тілеуханның домбырамен ән салғанын, Тамара Асар, Арнау дуэті өнер көрсеткенін, сол сияқты Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қатысқанын байқауға болады.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бекболат Тілеуханның тойлардың бірінде домбырамен ән салып, бір үйір жылқы мен көлікке ие болғаны хабарланған.