19.05.2025, 13:40
Жаңалықтар
Қазақстан азаматы 100 млн теңгеге алаяқтық жасап Сауд Арабиясына қашып кеткен
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті елге қайтарылды
Фото: Видеодан скрин
Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігінің көмегімен алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау дерегі бойынша күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдікті не үшін Сауд Арабиясына көшіп кетті?
- 2018-2023 жылдар аралығында ол Алматыда азаматтардың 19 млн теңге ақшасы мен мүлкін алдау арқылы иемденген;
- Коммерциялық компанияға тиесілі 82 млн теңге алдын ала төленген тауарды жеткізбей, міндеттемеден жалтарған.
Халықаралық іздеу жарияланған
Тергеу кезінде күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2024 жылы Сауд Арабиясы аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді.
10 жылға дейін сотталуы мүмкін
- Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
- Қылмысы дәлелденсе, мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Экстрадиция арнайы келісім негізінде жүзеге асты
Бұл жағдай Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы экстрадиция туралы келісімнің нәтижесінде мүмкін болды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты