М.Әуезов атындағы ЖОО-ның ректоры ақша ұрлап, Mercedes-Benz S-класс пен Lexus LX570 алған
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемдегі бюджет қаражаты жымқырылғаны және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері анықталды. Осы бағытта Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдіктілер қатарында университет ректорының міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ университетпен жұмыс істеген серіктес ұйымдардың басшылары бар.
Тергеу барысында университет басшылығы мен серіктес ұйымдардың жалпы сомасы 256 миллион теңгені құрайтын қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.
Іс жүзінде бұл жұмыстар орындалмаған. Алайда бюджет қаржысы жалған актілер арқылы осы компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға:
Аталған мүлікке соттың санкциясымен тұтқын салынды.
4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс тергеліп бітті және сотқа жолданды.